Жаңалықтар

Қостанай облысында жеке үйден өрт шығып, бес бала жанып кетті

Қайғылы оқиға 11 қазан күні яғни бүгін түнгі сағат 04.29-да болған

Бес баланың өмірін жалмаған өрт Қостанай облысы, Жітіқара қаласында болған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қостанай  облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін түнгі сағат 04:29-да жеке тұрғын үйден өрт шығып, оның салдарынан тұрғын үйдің шатыры опырылып түскен.

Қайғылы оқиғаның салдарынан  2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған кәмелетке толмаған балалар көз жұмған.