Қостанай облысында жол апатынан 9 жасар егіз бала мен 33 жастағы анасы қайтыс болды
Қостанай облысында жол апатынан 9 жасар егіз бала мен 33 жастағы анасы қайтыс болды
Қайғылы оқиға 7 ақпанда Қостанай-Қарабұтақ тасжолының 470-інші шақырымында болған. Марқұм әйел JAC S3 көлігінің рөлінде отырған. Өзге көлікті басып озу үшін қарсы жолаққа шыққанда жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Әйел жүргізуші көлігін 2014 жылы алған. Алайда соңғы 1 жылда ғана рөлге отырған.