Жаңалықтар
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртін сөндіру жұмыстар жалғасуда
- авторjambylinfo.kz
- 4 қыркүйек, 2022
- 384
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртін сөндіру жұмыстар жалғасуда
Алапат орман өрті: мамандар қазіргі жағдай жөнінде
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртін сөндіру жұмыстар жалғасуда.
Аманқарағай және Лесное ауылындарындағы мұнай базасының аумағындағы өрттер сөндірілді. От бензин тиелген резервуарлар мен дизель отындарына көшкен жоқ.
Аманқарағай және Озерное ауылдарындағы өрттер оқшауланды, қазіргі уақытта жеке ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жағдайдың жақсаруына байланысты Р-36 республикалық маңызы бар автожолындағы қозғалыс және теміржол бойынша пойыздардың қозғалысы толық көлемде қайта жанданды.
Тұрғындар мен өрт сөндіруге қатысушылар арасында қаза болу жағдайлары тіркелген жоқ.
Алайда 10 адам жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік алып, уланды. Оның ішінде: 5 тұрғын, кәмелетке толмаған бір азаматты қоса алғанда, орман шаруашылығының бір қызметкері, әкімдік қызметкері және ТЖМ-нің 3 қызметкері.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала