бейсенбі, 19 наурыз, 2026 20:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қостанай тұрғыны жанжал кезінде бұрынғы әйелін атып өлтірді

Қостанай тұрғыны жанжал кезінде бұрынғы әйелін атып өлтірді
istockphoto
Оның атына тіркелген суық қару тәркіленді

Қостанайда ер адам бұрынғы әйелін атып өлтіріп, полицияға өзі берілген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Almaty.tv. сілтеме жасап. 

Ол кінәсін мойындапты. Алдын ала мәлімет бойынша 47 жастағы күдікті марқұмның басына аңшылыққа шығатын мылтықпен екі рет оқ атыпты. Ол Қостанай облысындағы «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімінің қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген көрінеді. Оның атына тіркелген суық қару тәркіленді. 

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел тұрмыстық жанжал барысында алған оқ жарақатынан көз жұмған. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу-шаралары жүргізіліп жатыр», – деді ¤Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар