жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қостанайда 10 жастағы бала су айдынында қаза тапты

Қостанайда 10 жастағы бала су айдынында қаза тапты
Жамбыл облысының ТЖД
Оқиға орнында қауіпсіздік құралдары болмаған.

  Қайғылы оқиға Рудный қаласынан 6 шақырым жердегі Родина ауылы маңында болды. 2015 жылы туған бала суға шомылуға арналмаған шұңқырда суға кетіп, мерт болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Облыстық ТЖД мәліметінше, бала рұқсат етілмеген жерде жалғыз шомылып жүрген. 

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді:

Тек арнайы рұқсат етілген орындарда шомылыңыз;

Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз;

Кәмелетке толмағандарға ересектерсіз суға түсуге рұқсат бермеңіз;

Бейтаныс, терең немесе техникалық су айдындарынан аулақ болыңыз;

"Шомылуға тыйым салынған" белгілерге мұқият болыңыз;

Қауіп төнсе, дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар