Жаңалықтар
Қостанайда әлі қолданысқа берілмеген пәтерлерде мұз қатып қалған
- авторjambylinfo.kz
- 11 желтоқсан, 2022
- 255
Қостанайда әлі қолданысқа берілмеген пәтерлерде мұз қатып қалған
Қостанайда «Қонай» шағын ауданындағы салынып жатқан жаңа үйлерде мұз қатып қалған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Наша Газета басылымының жазуынша,«Қонай» ықшамауданындағы әлі қолданысқа берілмеген пәтерлердегі мұз бағаналарының фотосуреттері мен видеоларын жергілікті тұрғындар жіберген. Қостанайлықтар кілттердің тапсырылуын асыға күткенімен қоныс той халық күткендей қуанышты болмай тұр.
21-кварталдағы 1, 2, 3 нөмірлі үйлерде пәтерлерін көптен күтіп отырған "Отбасы банкі" салымшыларының жан айқайы. Үйлердің жағдайы мүшкіл. Конкурс 2021 жылдың наурызында өтті, сол жылы маусымда кіруіміз керек еді, бірақ бізге кілтті ешкім берген жоқ, - дейді жергілікті тұрғын.Құрылыс басқармасы барлық кемшіліктер желтоқсанның 13-іне дейін жойылады деп сендіріп отыр.
Қонай ықшамауданындағы 21-кварталдағы 2, 3 үйлердің құрылысын «Марал құрылыс» ЖШС мердігер ұйым жүргізді.Үстіміздегі жылдың қазан айында аталған ұйыммен келісім-шарттық міндеттемелерді орындамағандықтан келісім-шарт бұзылды. Құрылысты аяқтау үшін жаңа мердігер анықтау мерзімінде жасалған келісім-шарт бойынша үйлердің қауіпсіздігін «Нұр сақшы» күзет мекемесі қамтамасыз етеді. Үйлерді тексерген кезде жылу тек жертөледен басталғаны анықталды. Жылу жүйесіндегі Майевский кранынан су ағып кеткен. Оны жоюға қалалық құрылыс бөлімі шара қолданды, 13 желтоқсанға дейін жұмыстар толығымен аяқталады. Бұл оқиға туралы хабарламаған күзет ұйымына шағым түсіру жұмыстары басталды, - деді Қостанай әкімдігінің құрылыс басқармасы.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала