Қостанайда мас жүргізуші жол апатын жасап, оқиға орнынан қашпақ болды
- авторАрайлы Жақсылық
- 27 шілде, 2025
- 547
Ол бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай, алдымен қоршауға, артынша ВАЗ-2115 көлігіне соқтығысқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Апат салдарынан айтарлықтай материалдық шығын келген.
Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан. Алайда көп ұзамай полицейлер оны қолға түсіріп, орташа дәрежеде мас күйде болғанын анықтады. Куәгерлер жүргізушінің әрекетін танымал GTA ойынымен салыстырып, көліктің жолда қисайып жүргенін айтқан.
Құқық қорғау органдары жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің төрт бірдей бабы бойынша хаттама толтырды. Көлік арнайы айыптұрағына қойылып, ер адам айықтырғышқа жеткізілді. Қазіргі таңда іс сотқа жолданды.
Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет екенін ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






