дүйсенбі, 23 ақпан, 2026 0:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қостанайда сегіз адам қар құрсауынан құтқарылып, эвакуацияланды

Қостанайда сегіз адам қар құрсауынан құтқарылып, эвакуацияланды
Видеодан скрин жасалды
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған азаматтарға дер кезінде көмек көрсетілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Құтқару жұмыстарының нәтижесінде барлығы 8 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Қостанай облысы Жітіқара ауданы, Мүктікөл ауылынан 10 шақырым жерде қар құрсауында қалған жеңіл автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне шығарылды. Көлік ішінде екі адам болған.

Тағы бір оқиға Қарасу ауданы аумағында тіркелді. Сүйгенсай ауылынан бес шақырым жерде қарға кептелген екі жеңіл автокөліктен алты адам, оның ішінде бір бала құтқарылды. Азаматтар уақытша жылыту пунктіне орналастырылды.

Құтқарылғандардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болмаған. 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар