Жаңалықтар
Қостанайда тұрғын үйдің кіреберісінде ер адамның мәйіті табылды
- авторjambylinfo.kz
- 23 қаңтар, 2023
- 257
Қостанайда тұрғын үйдің кіреберісінде ер адамның мәйіті табылды
Қостанай қаласындағы 8-шығын ауданда орналасқан №11 көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде ер адамның мәйіті табылды.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптамалар тағайындалды. Жәбірленушінің жеке басы анықталды. Ол тұрғылықты жері жоқ 51 жастағы ер адам болып шықты.
«8-шағын ауданда орналасқан №11 көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісінде ер адамның денесі табылды. 10-қабаттың баспалдағында қоқыс жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер тұрғын үйге барғанда полицияға 9 бен 10-қабаттың баспалдағында өртенген ер адамның мәйітінің жатқанын хабарлады», – делінген хабарламада.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз