Қостанайдағы өрт: жаңадан салынатын 91 үйдің 55 учаскесінде іргетас құйылды
- авторjambylinfo.kz
- 16 қыркүйек, 2022
- 234
Қостанай облысында өрттен зардап шеккен тұрғындар үшін салынатын 91 үйдің қазаншұңқыры қазылып, 55 учаскеде іргетас құйылды. Өңірге жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Әлихан Смайылов Әулиекөл ауылындағы құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта арнайы бөлінген 12 га аумақта 91 үй салынып жатыр, әрқайсысының ауданы – 100 шаршы метр. Сондай-ақ, үйлердің маңайындағы жер учаскелеріне барлық қажетті инфрақұрылым – газ, су, электр энергиясы жүргізіледі. Үйлерге апарар жолдарға асфальт салынады.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, ҚазҚСҒЗИ жобалау институтының геологиялық ізденістері негізінде су басудың алдын алу мақсатымен іргетастарды жерасты суларынан 2,5 м қашықтықта орнату бойынша жоба әзірленген.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз