Жаңалықтар

Қостанайлық оқушылар «Алисаның» қазақша нұсқасын жасап шықты

Қостанайлық оқушылар «Алисаның» қазақша нұсқасын жасап шықты

17 қаңтар – бүкіләлемдік өнертапқыш балалар күні. Қостанай қаласындағы өнертапқыш балалардың осы күнге ұсынар жаңалығы бар екен деп хабарлады Жамбылинфо «Наш Костанай» басылымына сілтеме жасап.

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары София Синицина мен Амина Искакова қолданыстағы дауыс көмекшісінің аналогын ойлап тапты және оны EWA деп атаған. Оқушы қыздар 12 «С» сыныбында оқиды және бос уақыттарында өздерінің жобаларымен айналысады.

EWA-ны жасауға 2-3 ай кеткен, көп уақытты қазақ тілін енгізу мен ақпараттар ағынын орналастыру алған.