Жаңалықтар

Осы аптада Қазақстанға 11 мемлекеттің Президенттері келеді

Осы аптада Қазақстанға 11 мемлекеттің Президенттері келеді

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров «Владимир Путиннің Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитіне, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) мемлекет басшылары кеңесінің отырысына, «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысуы жоспарланып отыр ма?» деген сұраққа жауап берді. «Иә, оның келетіні расталды. Владимир Путин бүкіл іс-шараларға – АӨСШК саммитіне, ТМД отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады», - деді Айбек Смадияров ҚР СІМ журналистеріне арналған брифингте. Айта кетейік, Астанада өтетін АӨСШК саммитіне 11 мемлекеттің басшылары қатысады. Олар – Әзербайжан, Ирак, Иран, Қатар, Қырғызстан, Ресей, Палестина, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан басшылары. Сонымен бірге, АӨСШК бақылаушы мемлекет ретінде Беларусь президенті де саммитке қатысады.