Жаңалықтар

Осы аптада қазақстандық спортшылар қандай жарыстарға қатысады?

20-26 қаңтар аралығындағы спорттық іс-шаралар кестесі шықты

Туризм және спорт министрлігі қазақстандық спортшылардың осы аптадағы жарыстарға қатысу кестесін жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

20-30 қаңтар – киберспорттан «Болашақтың ойындары – 2025» турниріне іріктеу жарысы
Өтетін орны: Астана қ., «Жекпе-жек» сарайы және «Сарыарқа» велотрегі.
Қатысушылар: еліміздің 15 өңірінен 80-ге жуық спортшы.

21-28 қаңтар – биатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа ашық чемпионаты
Өтетін орны: Германия, Алтынберг қ.
Қатысушылар: 8 қазақстандық спортшы.

21-26 қаңтар – фристайл акробатикадан Әлем кубогі кезеңі
Өтетін орны: Канада, Лак-Бопор.
Қатысушылар: 6 қазақстандық спортшы.

21-27 қаңтар – шаңғы жарысынан Әлем кубогі кезеңі
Өтетін орны: Швейцария, Энгадин қ.
Қатысушылар: 6 қазақстандық спортшы.

23-26 қаңтар – семсерлесуден Әлем кубогі
Өтетін орны: Болгария, Пловдив қ.
Қатысушылар: Қазақстан құрамасының 8 спортшысы.

24-26 қаңтар – конькимен жүгіруден Әлем кубогі кезеңі
Өтетін орны: Канада, Калгари.
Қатысушылар: 15 қазақстандық спортшы.

25 қаңтар – жеңіл атлетикадан II Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық турнирі
Өтетін орны: Астана қ.
Ерекшелігі: Әмин Тұяқов жүлдесіне арналған турнирге Олимпиада және әлем чемпионатының жүлдегерлері қатысады.

 

Бақытжан Бекболат