Жаңалықтар

Қосымша құн салығынан кімдер босатылатыны белгілі болды

The final spritzer

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Қосылған құн салығы (ҚҚС) 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Министрдің айтуынша, заң әлі күшіне енген жоқ.

Жаңа салық жүйесіне сәйкес, ҚҚС мөлшері 16% деңгейінде белгіленеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер бұл салықтан толықтай босатылады. Сондай-ақ денсаулық сақтау, IT, туризм, креативті индустрия және азық-түлік өндірісі салалары үшін төмендетілген 10%-дық мөлшерлеме ұсынылған.

Осылайша, жаңа ҚҚС реформасы түрлі салаларға сараланған мөлшерлеме енгізу арқылы экономикаға оң әсерін тигізуді көздейді.