Жаңалықтар

Осындай шешім қабылдауға мәжбүрміз-Үкімет басшысы

Осындай шешім қабылдауға мәжбүрміз-Үкімет басшысы

Үкімет басшысы жанар-жағармай бағасының көтерілу себебін түсіндірді. «Бұл оңай шешім емес, бірақ оны қабылдауға мәжбүрміз. Қазір осындай шешім қабылдамасақ, жақын арада жанармай тапшылығына тап боламыз»,- деді Әлихан Смаилов. Айтуынша, Қазақстанда дизель мен бензинді ең жоғары деңгейде тұтынады, жылына 1 адамға дизель 370 литрден келеді. Ал Ресейде – 225 литр, Қырғызстанда – 98 литр, Өзбекстанда – 44 литр. Сонымен бірге тұтыну деңгейі жоғары қарқынмен өсіп келеді. ❗️Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель бағасы 204 теңге болып қала береді.