жексенбі, 24 қараша, 2024 6:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Отандасымыз әлем чемпионатында алтын алды

Отандасымыз әлем чемпионатында алтын алды
ашық дереккөзі
Отандасымыз әлем чемпионатында алтын алды
Қазақстандық Рахат Бекболат Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль алды.
Қызылордалық ауыр атлет 102 келіде сынға түсті. Қоссайыстың нәтижесімен ол 377 (175+202) келіні бағындырды. Екінші және үшінші орындарға болгариялық Василь Маринов пен грузиялық Заза Ломтадзе ие болды. Рахат Бекболат 2004 жылы 14 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң жəне техникалық колледжінің студенті. Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері. Жастар арасында ҚР құрама команда мүшесі. Айта кетейік, ол 2019 жылы Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында жəне Ташкентте өткен өткен Азия, Лас-Вегастағы әлем чемпионаттарында алтын медальдарды иеленген болатын. Ол 16 жасында Əлем рекордын орнатып, Азияның «үздік спортшысы» номинациясының иегері атанған.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар