Жаңалықтар
Отандық банктер клиенттерінің салымдары 2022 жылдың басынан бері 424 млрд теңгеге өсті
- авторjambylinfo.kz
- 25 шілде, 2022
- 294
Отандық банктер клиенттерінің салымдары 2022 жылдың басынан бері 424 млрд теңгеге өсті
Ұлттық банк мәліметінше, 1 шілдедегі жағдай бойынша депозиттердің жалпы көлемі 26,4 трлн теңгеден асты. Жыл басында 26 трлн теңге болған. Өсім – 424 млрд теңге немесе 1,6%.
Жалпы соманың 10 трлн теңгесі – шетелдік валютадағы салымдарға (жыл басынан бері+430 млрд теңге) тиесілі.
Сонымен қатар, қазақстандық банктердегі мерзімді депозиттерде 15,5 трлн теңге, ағымдағы шоттарда – 8,3 трлн теңге жинақталған. Ең аз ақша талап етілгенге дейінгі салымдарда – 1,2 трлн теңге, жинақ салымдарында – 1,1 трлн теңге және шартты салымдарда – 220,7 млрд теңге.
Бұл ретте заңды тұлғалар қаражатты ағымдағы депозиттерде (6 трлн теңгеден астам) және шартты депозиттерде (216,7 млрд теңге) сақтауды жөн көреді. Ал жеке тұлғалар негізінен шұғыл (9,3 трлн теңге), талап етілгенге дейінгі салымдарда (1,1 трлн теңгеге жуық) және жинақ салымдарында (995 млрд теңге) ақша жинайды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Көшеде көкпар тартқандар ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024