Отандық банктер клиенттерінің салымдары 2022 жылдың басынан бері 424 млрд теңгеге өсті
Отандық банктер клиенттерінің салымдары 2022 жылдың басынан бері 424 млрд теңгеге өсті
Ұлттық банк мәліметінше, 1 шілдедегі жағдай бойынша депозиттердің жалпы көлемі 26,4 трлн теңгеден асты. Жыл басында 26 трлн теңге болған. Өсім – 424 млрд теңге немесе 1,6%. Жалпы соманың 10 трлн теңгесі – шетелдік валютадағы салымдарға (жыл басынан бері+430 млрд теңге) тиесілі. Сонымен қатар, қазақстандық банктердегі мерзімді депозиттерде 15,5 трлн теңге, ағымдағы шоттарда – 8,3 трлн теңге жинақталған. Ең аз ақша талап етілгенге дейінгі салымдарда – 1,2 трлн теңге, жинақ салымдарында – 1,1 трлн теңге және шартты салымдарда – 220,7 млрд теңге. Бұл ретте заңды тұлғалар қаражатты ағымдағы депозиттерде (6 трлн теңгеден астам) және шартты депозиттерде (216,7 млрд теңге) сақтауды жөн көреді. Ал жеке тұлғалар негізінен шұғыл (9,3 трлн теңге), талап етілгенге дейінгі салымдарда (1,1 трлн теңгеге жуық) және жинақ салымдарында (995 млрд теңге) ақша жинайды.