Жаңалықтар

Отандық кәсіпкерлер  Қытайға  $75,2 млн сомасына өнім жеткізеді

Қытайдың Чэнду қаласында 40-тан астам қазақстандық тауар өндірушілердің қатысуымен сауда-экономикалық миссиясы аясында бірқатар келісім жасалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Қазақстан Қытаймен тауар айналымын $40 млрд дейін жеткізуге ниетті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық өнімнің Қытайға экспорты 12,6% - ға өсіп, 14,7 млрд құрады. Өткен жылдың өзінде импорттық жеткізілім көлемі 50,5% - ға артып, $16,8 млрд болды.

Чэндудағы кездесулер мен келіссөздердің қорытындысы бойынша қазақстандық бизнес $75,2 млн сомасына күнбағыс, соя, мақсары майы, кондитерлік өнімдер, жемшөп ұны және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге экспорттық келісімшарттарға қол қойды. "Қостанай ұн тарту компаниясы" ЖШС мен Pan Asia Forward Sichuan International Trading, "Нан СНАБ" ЖШС және Pan Asia forward Sichuan International Trading арасында ауыл шаруашылығы тауарларын сатып алу туралы келісімдер жасалды. "QazTrade" ЖШС мен China Co-op Group Сычуань кооперативтік жабдықтау және өткізу жүйесі, сондай-ақ Сычуань провинциясының Паназиялық инвестициялық-дамыту тобы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.