Отандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
- авторАрайлы Жақсылық
- 30 наурыз, 2025
- 165

Спортшы өз мансабындағы ең үздік нәтижесін көрсетіп, тарихи жетістікке қол жеткізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
АҚШ-тың Бостон қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Михаил Шайдоров күміс жүлдеге ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша ол 287,47 ұпай жинап, өзінің жеке рекордын орнатты. Сондай-ақ, еркін бағдарламада 192,70 ұпаймен ең үздік нәтижесін көрсетті.
Қысқа бағдарламадан кейін Шайдоров үшінші орында тұрған еді, алайда финалдағы сәтті өнері оның екінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді. Әлем чемпионы атағын қатарынан екінші рет америкалық Илья Малинин жеңіп алды (318,56 ұпай). Қола жүлдені жапондық Юма Кагияма иеленді (278,19 ұпай).
Бұған дейін Михаил Шайдоров жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып, 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алған, сондай-ақ, Төрт құрлық чемпионатында алтын медаль иеленген еді.
Сонымен қатар, бұл жарыстағы өнерімен Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу нормативін орындады. Олимпиадаға жолдама алған спортшылардың қатарына алғашқы 24 орын иегерлері кірді.
Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда жатақхана өртеніп, 10 адам ауруханаға түсті
- авторСадуақас Айсұлу
- 2 сәуір, 2025