Жаңалықтар

Отбасымен онлайн тілдесті

Отбасымен онлайн тілдесті

Сот үкімімен кінәлі деп танылып, темір торға тоғытылғандардың түзелу жолына түсуі үшін ет-жақындарының қолдауы аса қажет. Осы ретте, заңға сәйкес қысқа және ұзақмерзімді кездесулер ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, сотталғандардың бейнебайланыс арқылы жақын-жуықтарымен сөйлесуі тәжірибеде бар. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші Пәкістан мемлекетінің азаматы «Skype» байланыс жүйесі арқылы отбасымен тілдесіп, амандығын білді. Айта кетейік, ер адам ел шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған.