Жаңалықтар

Отбасында жанжал шығарған 13 мың адам қамауға алынды – ІІМ

Отбасында жанжал шығарған 13 мың адам қамауға алынды – ІІМ

Бүгінде отбасының берекесін қашырған 13 мың қазақстандық қамауға алынған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Соңғы 3 айда (шілде, тамыз, қыркүйек) отбасында жанжал шығарып, жазаға тартылғандардың саны 4 есе өскен.

Вице-министрдің айтуынша, алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша тұрмыстық қылмыстардың өсуі байқалса, қабылданған шаралардың нәтижесінде биыл 9 айда олардың төмендеу үрдісі байқалған.

Игорь Лепеха аталған адамдардың бәрі есепке қойылғанын, полиция оларды жіті бақылап отырғанын жеткізді. Айтуынша, есепте тұрған 8 мың адам жауапқа тартылған. Вице-министр тұрмыстық қылмысқа баратындардың көпшілігі (шамамен 80%) мас күйде болатынын айтты. «Мас күйінде тұрмыстық жаңжал шығарушыларды оқшаулау мәселесі маңызды. Еліміз бойынша 880 төсек-орын бар, 35 уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы жұмыс істейді. Олардың барлығы облыс орталығында және республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан. Бұл проблема моноқалаларда өте өзекті – орталық мүлдем жоқ», - деп сөзін түйіндеді Игорь Лепеха.