Жаңалықтар

Отшашудың орнына – "оқшашу": Шымкентте той қонақтары автоматтан оқ жаудырды

Отшашудың орнына – "оқшашу": Шымкентте той қонақтары автоматтан оқ жаудырды

Шымкент полициясы тойда аспанға оқ атқан екі тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. Polisia.kz-тің хабарлауынша, ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармаға біреулер қалада өтетін тойдың аяғында отшашудың орнына оқ атылатынын айтып хабар берген. Ал жедел қызметкерлер оқиға орнына қонақ ретінде барған.

Жедел қызметкерлер оқ атқандарды ұстап, нөмірі өшірілген АКСУ-47 жауынгерлік автоматы және АК-74 автоматын тәркіледі. Криминалистер оқиға орнынан 20 шақты гильза тапқан. Қазір заңсыз қару ұстауға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.   Видеоға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=pgv-i-5VD_g&t=11s