жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 18:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Отыздан аса адам өлтірген тұтқын бостандыққа шықты

Отыздан аса адам өлтірген тұтқын бостандыққа шықты
ашық дереккөзі
Отыздан аса адам өлтірген тұтқын бостандыққа шықты
Ресейде "Ореховская" ұйымдасқан қылмыстық топтың өлтірушісі, Саша атымен танылған Александр Пустовалов  Тверь облысының Монино ауылындағы қатаң тәртіптегі колониядан босатылды. Ведомствоның мәліметінше, ол 18 қарашада босатылған. "Звезда" телеарнасының хабарлауынша, Пустовалов БАҚ назарын аудармау үшін колониядан жасырын шығып кеткен. РЕН ТВ Пустовалов бостандыққа шыққанға дейін Торжоктағы колонияға ауыстырылғанын, өлтіруші сол жерден босатылғанын хабарлады. "Московский комсомолец" газетінің хабарлауынша, Пустовалов 16 қарашада колониядан "жасырын" шығарылған. Қылмыстық әлем жетекшілері мен тәртіп сақшыларын өлтірген Александр Пустовалов 24 жылын түрмеде өткізді. Ол 1999 жылы 30-дан астам адамды өлтірді деген айыппен қамауға алынған еді. "Коммерсант" басылымының жазуынша, Пустовалов тергеумен келісімге келіп, оның түрмеде отыруына әсер еткен басқа да қылмыстық істерді ашуға көмектескен. Қазан айында Тверь облысының Нелидовский ауданаралық соты №9 түзеу колониясының Пустоваловқа әкімшілік бақылау орнатуды сұраған әкімшілік талап-арызын қанағаттандырды. Ол бостандыққа шыққаннан кейін үш жыл ішінде полицияда тіркеуде болады. Сонымен қатар оған Мәскеуден өзге қалаға кетуге және түнде сыртқа шығуға тыйым салынған. Ресейдің Федералдық қылмыстық атқару қызметінің Тверь облысы бойынша департаменті бұл туралы түсініктеме бермеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар