жұма, 20 маусым, 2025 1:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ой шебері» зияткерлік ойыны: Тараздың екі мектебі финалдық кезеңге өтті

«Ой шебері» зияткерлік ойыны: Тараздың екі мектебі финалдық кезеңге өтті
Фото - TURANINFO.KZ
Сайыс «Көне Тараз» кешеніндегі «Көрме орталығында» ұйымдастырылды,

 Тараз қаласында «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Ой шебері» зияткерлік ойыны өтті. Шараға қаладағы орта білім беру ұйымдарынан педагог пен төрт оқушыдан құралған 50 команда қатысты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ойынды Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы және Тараз қаласы білім бөлімінің қолдауымен «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды.

Іс-шараның ашылуында жазушы Елен Әлімжан, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Айдын Досыбаева, қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары Дүрия Тоғатаева және «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ басқарма төрағасы Исламбек Дастан сөз сөйледі.

Басты мақсат – «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасын жастар арасында кеңінен насихаттап, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, бұл зияткерлік ойын – жастардың білімін ортаға салып, ой бөлісу, талдау, іздену дағдыларын дамытуға бағытталған.

Айта кетейік, 2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма беріп, бұл бастаманың қоғамды рухани дамытудағы рөліне ерекше тоқталған болатын.

Ойында қатысушылар Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман», Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін», Әлдихан Қалдыбаевтың «Мен апамның баласымын», Елен Әлімжанның «Алтын жүлге жыры» және Оралхан Дәуіттің «Ақ самаурын» шығармалары негізінде дайындалған сұрақтарға жауап берді.

 Жеңімпаздар:
 І орын – №15 мектеп-гимназиясы (500 000 теңге және облыстық гранд-финалға жолдама)

ІІ орын – №23 орта мектебі (400 000 теңге және облыстық гранд-финалға жолдама)

ІІІ орын – Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы (300 000 теңге)

Қатысушыларға естелік ретінде кітаптар таратылып, топ жетекшілеріне қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова алғыс хат тапсырды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар