Пәкістанда дінаралық қақтығыстан 82 адам қаза тапты
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 қараша, 2024
- 446
Пәкістанның солтүстік-батысында дінаралық қақтығыстан 80-нен астам адам қаза тапты. 156 тұрғын жараланған. Оқиға жергілікті халықтың наразылық акциясына шығуына себеп болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstantv cілтеме жасап.
Шииттер мен сүнниттер Ауғанстан шекарасы маңындағы Куррам деген ауданда жанжалдасқан. Қантөгіске жер дауы себепші. Соңғы мәліметке қарағанда, келіссөздер нәтижесінде 7 күндік ымыра жарияланып, қақтығыс тоқтаған. 21 қарашада басталған тәртіпсіздіктер кезінде әйелдер мен балалар да шабуылға ұшыраған.
«21 қараша күні шиит мұсылмандардың екі керуені полицияның қорғауымен жүріп келе жатқан кезде қарулы шабуылға ұшырағаннан кейін жағдай шиеленісе түсті. Шабуылдар мен қақтығыстар салдарынан 82 адам көз жұмды. Олардың 16-сы сүнниттер, ал 66-сы шииттер», — деп жазады басылым AFP сайтына сілтеме жасап.
Куррам ауданындағы шииттер мен сүнниттердің жер дауына байланысты ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқан қақтығыстар жағдайды ушықтырды. Жергілікті билік шииттер мен сүнниттердің басшыларымен келіссөздер бастады.
Алайда келіссөздер жүргізуге келген делегация тікұшағы аймаққа қонған сәтте оқ астында қалды, деп мәлімдеді Пешавар қаласының қауіпсіздік қызметкері.
Ұқсас жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024