Жаңалықтар
Пәкістанда екі автобус соқтығысып, 12 адам қаза тапты
- авторjambylinfo.kz
- 22 сәуір, 2021
- 543
Пәкістанда екі автобус соқтығысып, 12 адам қаза тапты
Пәкістанның оңтүстігінде орналасқан Синд провинциясында жолаушылар автобустарының соқтығысуы салдарынан 12 адам қаза тауып, 20-дан астам адам зардап шекті.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сәрсенбіде түс шамасында Синд провинциясының Хайрпур округіндегі тасжолда екі автобус бетпе бет соқтығысқан. Апат орнына тез арада полиция мен құтқарушылар келді. Олар зардап шеккендер мен мерт болғандардың денелерін жақын жердегі ауруханаға жеткізді. Қайтыс болғандар арасында әйелдер мен балалар бар, зардап шеккендердің көбі ауыр жарақаттар алған.
Жергілікті полицияның мәліметінше, алдын ала зерттеу нәтижесіне сәйкес апат жүргізушілердің біреуінің абайсыздығынан болған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қытайлық мердігер компания қызметіне салғырттық танытты
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






