Жаңалықтар

«Пәндер қысқартылады»: Елімізде мұғалімдер жұмыссыз қалмай ма

Өйткені 2026 жылы білім берудің стандарты енгізілуі мүмкін

Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарындағы өзгерістер 9 желтоқсанға дейін ашық порталында талқыланады, деп жазады Jambylinfo.kz

"Qazaqstan" телеарнасының хабарлауынша, өзгертілген білім стандартында кейбір пәндерді біріктіру, ал бірнеше пәнді кіріктіріп оқыту көзделген. Ал «көркем еңбек» пәні қайтадан бұрынғыша бейнелеу өнері, еңбекке баулу пәні болып екі бөлек оқытылады. Бағалау жүйесі де қайтарылды. Енді басқа сабақтар сияқты 1-10 балл арасында баға қойылады. Өзгеріс дене шынықтыру мен музыка пәніне де қатысты.

Әдіскердің айтуынша, біріктіріп және оқу пәндерінің мазмұнын кіріктіріп оқытқаннан оқушы да педагог та ұтылмайды.

Құжаттағы тағы бір өзгеріс – мектеп бітірушілеріне міндетті пәндер қысқартылып, жоғары оқу орнына түсуге дайындалу үшін оқушының таңдауына қарай қосымша сабақтар қосылады.

Ал Еуропа елдерінде сыныптарында пән аз. Жоғары сыныптары гуманитарлық ғылым, технология, жаратылыстану ғылымдары, өнер бағыты бойынша білім алады. Сәйкесінше, болашақ таңдаған мамандығына байланысты үш қосымша пән енгізіледі.

Айта кетейік, құжат бірнеше талқылаудан өткен соң, келесі жылы бекітіледі.