дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 11:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Пәтерден пәтерге көшіп шаршадық»: Қайрат пен Жұлдыз төрт баласымен баспанасыз қалды

«Пәтерден пәтерге көшіп шаршадық»: Қайрат пен Жұлдыз төрт баласымен баспанасыз қалды
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова алаяқтардың құрбаны болған

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукәрімова төрт баласымен баспанасыз қалғанын айтты. Бұл туралы ол желідегі парақшасына жазған деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Актрисаның жазуынша ол алаяқтардың құрбаны болған. 

“Балаларым “Анашым, жер үйге көшейікші, өзіміздің ауламыз болса, бақшасына жемістер егейік”-деп сұрады. Бұл ой маған да ұнады. Сол сәттен бастап, үй іздеуге кірістім. Өз пәтерімді сатуға шығарып, тез арада көшкім келді. Бар ойым үйімді сатып, жер үй салу немесе сатып алу болды. Астанадағы коттедж салатын бірнеше компанияларға да бардым. Сол ізденісте жүргенде құрылыс компаниясының негізін қалаушы Диляра есімді келіншекпен таныстым. Ол маған мынадай ұсыныс айтты. “Сен сатуға қойған пәтеріңді менің інім Диардың атына жазып бересің. Біз саған қалашықтан 1 жылда екі қабатты жер үй салып береміз. Ал оған дейін сен пәтер жалдап тұрарсың”- деді. Мен келісе кеттім. Ойымдағы үйдің табылғанына қуанғаным да рас”, – деді ол.

Осылайша, Жұлдыз Әбдукәрімова 2 жыл бойы 4 баласымен пәтер жалдап тұрған.

“2024 жылдың көктемінде менің үйімнің жақын арада бітпейтінін түсініп, Диляраның алдына бардым. Бұдан артық күте алмайтынымды жеткізіп, өз үйімді қайтарып беруін сұрадым. Сол кезде ол менің пәтерімді банкке кепілдікке (залогқа) тіккенін естіртіп, ол үйде тағы бір інісі Әбілхан отбасымен тұрып жатқанын, қайтарып бермейтінін айтты. Жақсы оған да көндім, мынау бітпей тұрған жер үйімді өзім аяқтайын соның құжатын берші дедім. Әкімшіліктен обьетіні пайдалануға қабылдау актісін жасатпақ болдым. Бірақ соғылып жатқан үйге де, жерге де құжат бермеді”, – деп қосты ол. Айтуынша бұл үйді “Аграрлық кредиттік корпорацияға кепілдікке салып жіберген.

“Бір қызығы аудандық сотқа барарда Диляра жеңілетінімді айтты. Мен Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде құқығым тапталып, алданып жатқандығым туралы полицияға шағым түсірдім. Алайда олар іс қозғамады. Заң бойынша аудандық сотқа шағымдандым. Сот шешімі менің пайдама шешілмегендіктен, қалалық соттың апелляциялық алқасына шағым түсіруге мәжбүр болдым”, – деп жазды әділдік іздеген актриса.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар