Пара алған Алматы жылу желілерінің бас директоры мен басқа да басшылары сотталды
Пара алған Алматы жылу желілерінің бас директоры мен басқа да басшылары сотталды
Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотының үкімімен пара алғаны үшін сотталды: 🔹 «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры К.Бейсенбиновке 560 млн теңге сомасындағы айыппұлға; 🔹АЖЖ бас инженері Д.Қазымбетов 560 млн теңге сомасындағы айыппұлға; 🔹 АЖЖ Күрделі құрылыс басқармасының бастығы С.Джингильбаев 560 млн теңге көлеміндегі айыппұлға; 🔹 Пара бергені үшін «СпецКоммунСтрой» ЖШС директоры Б.Разимбеков 400 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындаумен сотталды. Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы сомасы 2 млрд 80 млн теңгені құрады, бұл 350 орындық мектеп немесе 320 орындық балабақша құрылысының бюджетіне тең.