Параллельді-могулдан Анастасия Городко — Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

19 жасар жас спортшы әлем кубогында жеңіске жетті
Параллельді-могулдан Анастасия Городко — Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Отандасымыз паралелльді-могулдан Канаданың Валь Сент-Ком қаласында өткен Әлем Кубогы кезеңінде ересектер арасындағы алғашқы жүлдесін қанжығасына байлады.
19 жастағы спортшы финалда ол америкалық Джаелин Кауфқа жол бергенімен, жартылай финалда 2018 жылғы Олимпиада чемпионы, бірнеше дүркін әлем чемпион Перрин Лаффоннан алға шықты.
Бақытжан Бекболат