Паралимпиадада күміс жүлдеге ие болған Еркін Ғаббасов елге оралды
Мергенді Астана қаласының әуежайынан жақындары мен жанкүйерлері күтіп алды
Қазақстан параолимпиада тарихында нысана көздеуден алғаш медаль алған Еркін Ғаббасов елге оралды. Спортшыны халық ыстық ықыласпен күтіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«Оңтүстік Корея спортшысы Жин Хо Паркке шамалы жетпей қалдым. 2016 жылдан бастап тұрақты қатысып, жүлделер жеңіп алып жүрген кореялық спортшының тәжірибесі мол, қай кезде қандай тактика қолдану керектігін жақсы біледі», депті Еркін Ғаббасов журналистерге берген сұхбатында.
Сондай-ақ ол биылғы спорттық маусым осымен аяқталғанын, енді аздап тынығып, содан соң жаттығуға қайта кірісетінін тілге тиек еткен.
Еске салайық, Парижде өтіп жатқан дүбірлі дода 8 қыркаүйек күні аяқталады. Әзірге Қазақстанның қоржынында Еркін Ғаббасовтың жалғыз күміс медалі бар.