жұма, 4 қазан, 2024 4:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Парамен ұсталған антикор қызметкері 7 жылға сотталды

Парамен ұсталған антикор қызметкері 7 жылға сотталды
ашық дереккөзі
Парамен ұсталған антикор қызметкері 7 жылға сотталды
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкеріне қатысты өзінің қызмет бабын пайдалана отырып аса ірі мөлшерде алаяқтық жасауға оқталған (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы), лауазымды адамға ірі мөлшерде пара беруге айдап салу (ҚК 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 4-бөлігі) айыбымен қылмыстық істі қарады. 2021 жылдың сәуір айында сотталушы ЖШС «П.П» басқарма төрағасына қатысты Департамент қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгені белгілі болған.2021 жылғы 26 маусымда жәбірленуші басқарма төрағасымен кездесіп, оған қатысты тексеруді тоқтатуға ықпал ете алатынын айтып, сондай-ақ Департамент пен Агенттіктің басшылығы арқылы оның пайдасына оң шешім шығаратынын, ол үшін 30 000 000 теңге талап еткен. Ал 2021 жылғы 30 маусымда сотталушы жәбірленушімен қайта кездесу кезінде 21 000 000 теңгеге келіскен. Бұл ақшаны сотталушы танысынан пара берушінің пәтерінен алып кетуін сұраған, сол күні айыпталушының танысы жәбірленушінің пәтерінен ақшаны алған. Ақша беру кезінде куәгерді Антикор қызметкерлері ұстаған.Көрсетілген мән-жайлар және сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамаларымен, Whatsapp мессенджеріндегі хат алмасумен, аудио, видео жазбалармен, жасырын тергеу әрекеті нәтижелерімен және сараптама қорытындыларымен расталады. Сот үкімімен сотталушы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар