Жаңалықтар

«Париж-2024»: 31 шілдеде жарыс жолына кімдер шығады

Бүгін, 31 шілде күні 7 қазақстандық спортшы бақ сынайды

31 шілдеде Париж Олимпиадаcында еліміздің спортшылары жарыс жолына шығып, ел намысын қорғайды, Jambylinfo.kz.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, қазақстандық спортшылар спорттың бес түрінен — триатлон, стенд ату, бокс, спорттық гимнастика және оқ атудан бақ сынайды.

Триатлон

11:00. Әйелдер. Екатерина Шабалина

Стендтік ату

12:00. Трап. Іріктеу. Әйелдер. Мария Дмитриенко

Оқ ату

12:00. 50 метрге ату. Іріктеу. Ерлер. Ислам Сатпаев, Константин Малиновский

Бокс

Ерлер. 57 келі. 1/8 финал

14:16. Махмуд Сабырхан – Хосе Кулес Бротос (Испания)

Әйелдер. 75 келіге дейін. 1/8 финал

00:36. Валентина Хальзова – Атеина Бибечи Билон (Панама)

Спорт гимнастикасы

20:30. Көпсайыс. Ерлер. Милад Карими.

Айта кетейік, Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында олимпиаданың 1 алтыны, 2 қола жүлдесі бар. Еліміз медальдар кестесінде 12-ші орында тұр.