Жаңалықтар

Париж-2024: Бүгін Олимпиадада кімдер жарыс жолына шығады

Министрлік спортшылардың жарыс кестесін ұсынды

9 тамыз Олимпиаданың он төртінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар спорттың бес түрінен ел намысын құрайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Атап айтқанда таэквондо, еркін күрес, байдарка мен каноэде есу, қазіргі бессайыс және жеңіл атлетика. 

Сағат 12:00–де таэквондодан Батырхан Төлеуғали сынға түседі.

14:00–де еркін күрестен Юсуп Батырмырзаев бозкілемге шығады. 

Ал 15:40–та байдарка мен каноэде есуден Мария Бровков мен Руфина Ысқақова ел намысын қорғайды. 

Қазіргі бессайыстан 16:00–де Георгий Борода-Дудочкин жарысады.

Бұл күні 23:57–де жеңіл атлетикадан Дэйзи Джегкемей финалда жүлделерді сарапқа салады. 

Еске салайық, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.