"Париж-2024": Ту ұстап шығатын қазақ спортшыларының ұлттық киімі елді сүйсінтті
Санаулы минуттан соң Олимпиада атауы жағылады
XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Мемлекеттік Туды ұстап шығатын Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова рәсімге дайын тұр деп хабарлайды Jambylinfo. kz.
Қазақ елін таныстыратын спортшыларымыз ұлттық киімде көпшілік алдына шығады.
Әлеуметтік желіде спортшыларлың тараған суретіне халық сүйсініп, сәттілік тілеп жатыр.
Айта кетейік, бірнеше минуттан соң түндігін түретін Париж Олимпиадасының ашылу салтанатын сағат 22:25-те отандық телеарналар тікелей эфирден көрсетеді.