Жаңалықтар

Париж Олимпиадасының жүлдегері Түркиядағы әлем кубогы кезеңінде топ жарды

The final spritzer

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Антальяда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогының үшінші кезеңінде Қазақстан құрамасы екі бірдей жүлдеге қол жеткізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов өзінің бірінші ресми жарысында-ақ тұтқалы ат снаряды жаттығуында чемпион атанды.

Нариман Құрбанов тұтқалы ат жаттығуында жеңіске жетіп, 14,634 ұпай жинап, алтын медаль иеленді.

Зейнолла Ыдырысов 14,300 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізсе, Иорданиялық Ахмад Әбу әл-Сауд 14,200 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.

Жарыстың соңғы күнгі сайыстары ертең өтеді.