Жаңалықтар

Парижде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «дөңгелек үстел» өтеді

Парижде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «дөңгелек үстел» өтеді

Парижде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «дөңгелек үстел» өтеді. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Айбек Смадияровтың дерегінше, сол күні опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай, «Сазген сазы» этно-фольклорлық ансамблі, халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Медет Чотабаев, Жұбаныш Жексенұлы, Ренат Гайсин, сондай-ақ халықаралық байқаулар лауреаты Ерке Есмаханның қатысуымен салтанатты концерт болады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ЮНЕСКО Бас конференциясының 41-ші сессиясында бұл екі маңызды күн ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған атаулы күндер тізіміне енгізілген еді.