Жаңалықтар
Партиялық емес байқау орталығы сайлауға 20 мыңдай байқаушы қоюға кірісті
- авторjambylinfo.kz
- 31 қазан, 2022
- 193
Партиялық емес байқау орталығы сайлауға 20 мыңдай байқаушы қоюға кірісті
Оларды оқыту үшін 80 семинар сабақ өткен. Білім алу үдерісінде байқаушылардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Сайлау учаскелерінде туындаған даулы мәселелерді шешу жолдары көрсетіліп, құқықбұзушылықтарды қалай тіркеу керектігі айтылады.
Сондай-ақ байқау орталығы енді тек дауыс беруді емес, үгіт-насихат кезеңін де бақылауды көздеп отыр. Осылайша, саяси науқанның әділ әрі заңды өтуін қамтамасыз етуге үлес қоспақ.
Елімізде 10 мыңға жуық сайлау учаскесі бар. Сол барлық учаскені қамтуға ниеттіміз. Барлық өңірлерімізде қоғамдық бірлестіктің филиалдары жұмыс істейді. Солардың базасында біздің шұғыл түрде ақпарат жинайтын штабтарымыз құрылған, — деді Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала