Павлодар қаласында 15-жасар жасөспірім терезеден құлап, мерт болды
Павлодар қаласында 15-жасар жасөспірім терезеден құлап, мерт болды
2022 жылғы 25 қыркүйекте сағат 18.00-ден 19.00-ге дейінгі уақыт аралығында Павлодар қаласының полициясына 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала құлап,алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. - Аталған факті бойынша қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән - жайы мен себептері анықталуда, - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.