Жаңалықтар

Павлодар облысында бір үйден екі бірдей бала суға батып кетті

Павлодар облысында бір үйден екі бірдей бала суға батып кетті

Оқиға Успенка ауданы, Галицкое ауылында болған. 7 және 8 жастағы екі ұлын таба алмай қалған анасы полицияға хабар берген. Түн ішінде бүкіл ауыл болып іздеп, суда қалқып жүрген балалардың денесін тапқан. Егін суаруға арналған су қоймасына балалардың неліктен барғаны белгісіз. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ-деді полиция қызметкерлері.   Дереккөз: Қазақстан ұлттық арнасы