Жаңалықтар

Павлодар облысында сегіз әкім заңсыз қоқыс полигондары үшін жауапқа тартылды

Ведомствоның мәліметінше, прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде Аққулы ауданының аумағында қатты тұрмыстық қалдықтардың жиырмадан астам полигоны анықталған, олардың ешқайсысында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат жоқ.

Павлодар облысында экологиялық талаптарды бұзғаны үшін сегіз әкім әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Нәтижесінде сегіз ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жалпы сомасы 1,7 млн теңге көлемінде айыппұл төленген.