Жаңалықтар

Павлодар облысында қызына зорлық көрсеткен ер адам 25 жылға сотталды

Павлодар облысында қызына зорлық көрсеткен ер адам 25 жылға сотталды

Павлодар облысында қызына зорлық көрсеткен ер адам 25 жылға сотталды. Сотталушы жәбірленушінің әкесі бола тұра 6 жыл бойы баланың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, күш қолдану арқылы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп айыпталған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, венерологиялық ауру жұқтырған. Сот шешімімен айыпталушыға 25 жыл мерзімге жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіптілігі жоғары мекемесінде өтеу, химиялық кастрация түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалады», - деп жазылған хабарламада. Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен және жүргізілген сараптамалармен дәлелденді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, ер адам педофилия деп аталатын психикалық ауытқушылықпен ауырады. Сотталушы өзі кінәсін мойындамады. Үкім заңды күшіне енді.