Жаңалықтар

Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі табылды

Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі табылды

Павлодар облысында жоғалған 7 жасар қыздың мәйіті табылды, анасы болған істі мойындады, деп хабарлайды jambylinfo.kz BAQ.KZ - ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері де болған оқиғаны растады.

Павлодарлық құтқарушылар сонымен қатар қыздың анасының істеген әрекетін мойындағанын жеткізді. Айта кетейік, Милана 17-қараша күні Екібастұздан 50 км жердегі Бесқауға ауылында жоғалып кетті. Осы күні кешкісін сағат 9:00-дер шамасында қыздың анасы полицияға шағым түсірді. Милананы екі тәулік бойы 400 адам іздеді. Тіпті іздеу жұмыстарына тікұшақ пен кинологтар да жұмылдырылды.