Жаңалықтар

Павлодар тұрғыны 18 қап көкнәр сатып алып, одан есірткі дайындаған

Павлодар тұрғыны 18 қап көкнәр сатып алып, одан есірткі дайындаған

Павлодар тұрғынынан 18 қап көкнәр тәркіленді. Ол көнәрдан есірткі дайындаған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында тергеу Павлодар қаласының тұрғыны қаладағы дүкендердің бірінен килограмын 12 мың теңгеден көкнәр сатып алып, үйінде ацетилденген апиын дайындаған. Оны тұрғын өзі пайдалану және өткізу үшін дайындаған. «Дүкен иесі Павлодар қаласының әртүрлі жеке кәсіпкерлерінен көкнәрді көтерме бағамен сатып алғанын және есірткіге тәуелді адамдарға бір килограмын 12 000 теңгеден сатқанын түсіндірді. Полиция қызметкерлері дүкеннен әрқайсысының салмағы 25 кг болатын көкнәр салынған 18 қапты тәркіледі, олар бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нурсеитов. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабы (Улы заттардың, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.