Павлодар тас жолында автобус аударылып, екі бала мерт болды
Павлодар тас жолында автобус аударылып, екі бала мерт болды
Павлодар облысында балалар мінген автобус аударылып, тоғыз адам ауруханаға жеткізілді, екі бала мерт болды. Оқиға туралы хабарлама «103» пультіне сағат 00:29-да түскен. Елордадан Өскеменге бет алған жолаушылар автобусы шұңқырға түсіп кеткен. Оқиға орнына үш жедел жәрдем көлігі мен апаттар медицинасы орталығының бір бригадасы жіберілді. Бірінші болып Қалқаман ауылынан жеткен жедел жәрдем науқастарды қарады.