бейсенбі, 3 қазан, 2024 16:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Павлодар және Ақтөбеде мектеп оқушылары жоғалып кетті

Павлодар және Ақтөбеде мектеп оқушылары жоғалып кетті
ашық дереккөзі
Павлодар және Ақтөбеде мектеп оқушылары жоғалып кетті
Павлодарлық полицейлер 7 жасар қызды іздестіріп жатыр Қыздың жоғалғаны туралы арыз Екібастұз қаласының полициясына 17 қарашада сағат 21:15-те келіп түсті. Дереу дабыл бойынша полицияның жеке құрамы көтерілді, баланың жоғалып кетуі туралы ақпарат жергілікті чаттар арқылы таратылды, іздеуге Vita еріктілері мен бей-жай қарамайтын азаматтар қосылды. Полиция сағат 16:00 шамасында 39 жастағы әйел үш баласымен демалыс күндері ауылдан 15 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығындағы жұбайына баруға шешім қабылдағанын анықтады. Қызы Милана сонда барудан бас тартып, үйден шығып кеткен. Ауыл тұрғындары қызды ауылдан 1,5 км қашықтықта орналасқан бөлімшеде көрген. Полиция осы факті бойынша қандай да бір ақпарат болса, 102 телефоны бойынша хабарлауды сұрайды. Давыдова Милана, 2015 жылы туған, Қоянды ауылдық округінің Бесқау ауылындағы мектептің 3 сынып оқушысы. Бойы 128-130 см, арық дене бітімі, көздері қоңыр, шаштары ақшыл. Үстінде сары күрте, ашық жасыл түсті трико, сұр түсті куртка, қара етік Ақтөбе облысында із-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған қыздар іздестіріліп жатыр Калиева Назым - басында қоңыр түсті орамалы бар, тізеге дейін түсетін қоңыр күрте, аяғында қара түсті етік, шашы ұзын қара түсті, бойы шамамен 168-170 см, дене бітімі арық. Калиева Диляра - тізеге дейін түсетін сұр түсті күрте, аяғында қара түсті етік, шашы қоңыр, бойы шамамен 160-173 см, арық денелі. Екеуінің де қолында рюкзак бар. Жоғалған кәмелетке толмағандарды іздеуге Ақтөбе облысы ПД жеке құрамы және Zello Poisk еріктілері жұмылдырылды. Қандай да бір ақпарат болса “102” немесе 8-776-546-66-66 телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар