Павлодарда 2 жасар сәби бесінші қабаттан құлап кетті: баланың жағдайы ауыр
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 сәуір, 2025
- 152

Баланың жалпы жағдайы ауыр, көп жарақат алған, - деп хабарлайды. Jambylinfo.kz @Pavlodarnews.kz сілтеме жасап.
Облыстық бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенева Instagram парақшасында Естай көшесі, 141 мекенжайында 2022 жылы туған 2 жас 11 айлық сәбидің бесінші қабатты үйдің терезесінен құлағанын мәлім етті.
Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Баланың жағдайын кезекші травматолог, реаниматолог қарады. Жағдайдың ауырлығы бойынша реанимацияға жатқызылды, – деді ол.
Дәрігерлер балаға катотравма, жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, мидың көгеруі, өкпе контузиясы және іштің көгеруі диагнозын қойған. Қазіргі уақытта мидың КТ мойын, кеуде қуысы жасалды.
Сәуле Шәкенева баланың қай жерде орналасқанына қарамастан, үйде немесе қонақта кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар үшін баланың заңды өкілдері жауапқа тартылатынын ескертті.
Тәжікстанда табиғи апат: 17 үйге зақым келді
Ұқсас жаңалықтар
Таразда «Дүниежүзілік еңбек күніне» орай семинар өтті
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 20:12