сенбі, 23 қараша, 2024 13:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Павлодарда алты жасар бала сегізінші қабаттың терезесінен құлап, мерт болды

Павлодарда алты жасар бала сегізінші қабаттың терезесінен құлап, мерт болды
ашық дереккөзі
Павлодарда алты жасар бала сегізінші қабаттың терезесінен құлап, мерт болды
Павлодар қаласында алты жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап. Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, 21 мамыр күні сағат 20:00 шамасында алты жасар баланың Чокин көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің сегізінші қабатынан құлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. "Жедел жәрдем оқиға орнына 4 минутта жетті. 2017 жылы туған бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған", – деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Айта кетейік, мұндай жағдай Павлодар қаласында бұған дейін де болған еді. Яғни, биыл сәуір айында үш жасар бала Толстой көшесіндегі үйдің тоғызыншы қабатының терезесінен құлап, көз жұмған болатын. Бұдан бөлек, таяуда Қарағанды қаласында екі жасар бала терезеден құлап, алған жарақатынан оқиға орнында мерт болған еді. Дереккөз: https://kaz.nur.kz/accidents/2021584-pavlodarda-alty-zasar-bala-segizinsi-qabattyn-terezesinen-qulap-mert-boldy/
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар