бейсенбі, 26 маусым, 2025 15:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Павлодарда анасы балаларын қараусыз қалдырғаны үшін жауапқа тартылды

Павлодарда анасы балаларын қараусыз қалдырғаны үшін жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz
Айта кетейік, 10-12 маусым аралығында елімізде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Павлодарда анасы балаларын қараусыз қалдырғаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz  polisia.kz cілтеме жасап.

Қала тұрғыны екі баланың бірнеше күн бойы ересектердің қарауынсыз отырғанын байқап, полицияға хабарласқан. Ол көршілес пәтерде тұратын 9 және 11 жастағы балалардың екінші күн қатарынан жалғыз екенін айтқан.

Хабарлама түскен бойда учаскелік инспекторлар мен ювеналдық полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға жедел жетіп, тексеру жүргізді. Балалардың үйде ата-анасыз қалғаны расталды. Белгілі болғандай, олардың анасы еңбек демалысын достарымен өткізіп, балаларын қараусыз қалдырған.

 Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгендіктен, олар уақытша арнайы әлеуметтік қызметтер орталығына орналастырылды. Қазіргі уақытта балалардың психоэмоционалдық және денсаулық жағдайы мамандардың бақылауында, – деп мәлімдеді облыстық ПД.

Кейінірек балалардың анасы да табылды. Тексеру барысында оның алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. Балаларын қараусыз қалдырып, ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін ол жауапкершілікке тартылып, ісі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді.

Полиция кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдыру заң алдында жауапқа тартуға ғана емес, баланың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін еске салды.

Қырағылық танытып, айналадағыларға бейжай қарамаңыздар. Уақытылы жасалған әрекет – балалардың амандығына себеп болады, – деді тәртіп сақшылары.

Айта кетейік, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 10-12 маусым аралығында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар